5-сынып оқушыларының мектепішілік ата-аналар жиналысы/Общешкольное
Өздеріңіз білетіндей, бесінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі неғұрлым жеңіл болса, олардың кейінгі оқу іс-әрекеттері соғұрлым табысты болады. Бесінші сынып оқушыларының тұлғасын дамыту мен тәрбиелеуге үйлесімді жағдай жасау мақсатында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Кездесу барысында ата-аналар мектепішілік бұйрықтармен танысып, балаларын тәрбиелеуде практикалық кеңестер алды, сонымен қатар «Қар ұшқыны» және «Саңырау телефон» атты екі тренингке қатысты.